1300 грамнан астам есірткі заттары тұтынушыларға жетпей тоқтатылды
Жетісу облысында екі есірткі зертханасы табылып, тәртіп сақшылары жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды. Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды.
Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 килограмнан астам мефедрон тәркіленді.
«Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай қылмыстардың жолын кесу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың болашағын қорғауға қосылған маңызды үлес», – делінген ПД хабарламасында.