Шығын 11,5 миллион теңгені құраған
Шымкентте автосалонға қатысты даулы жағдай қоғам назарын аударды. Салон клиентке автокөлікті жаңа деп сатқанымен, іс жүзінде оның бұрын пайдаланылғаны анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Миллиондарға алынған көлік мәселеге айналды
Қала тұрғыны 11,5 миллион теңгеге шетелден әкелінген автокөлікті сатып алып, жаңа әрі ақаусыз көлік мінемін деп сенген. Алайда пайдаланудың алғашқы бірнеше күнінен кейін көлікте күрделі ақаулар шыға бастаған.
Үш күн өткен соң автокөліктің беріліс қорабынан елеулі ақау анықталды. Сервистік орталыққа жүгінген кезде күтпеген жайт белгілі болған: көлік жаңа деп сатылғанымен, бұған дейін пайдаланылған болып шыққан.
Өз құқығының бұзылғанын түсінген иесі мәлімделген сипаттамаға сәйкес келмейтін тауар үшін ақшасын қайтаруды талап етіп, автосалонға шағым жолдаған. Алайда сатушы бұл талапты орындаудан бас тартқан.
Сот тұтынушының пайдасына шешім шығарды
Осыдан кейін сатып алушы Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, қоғамдық бірлестіктердің де қолдауына ие болған. Мамандардың көмегімен сотқа талап-арыз дайындалып, жолданған.
Іс Шымкент қаласының азаматтық сотында қаралып, департамент үшінші тарап ретінде қатысқан.
Қарау қорытындысы бойынша: