Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Атырау облысының Индер ауданында жол бойына велосипедімен шығып кеткен екі бүлдіршінді көлік қағып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
«28 наурыз күні сағат 15:00 шамасында Индер ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Арман Кубашев бейнебақылау камераларының жарамдылық жай-күйімен танысу барысында Уәлиханов көшесі бойында екі бүлдіршіннің жол бойында ойнап жүргенін байқап, жақын аумақта өтіп бара жатырған полиция қызметкерлерін шақыртып оқыс-оқиғаның алдын алу мақсатында нұсқау берген болатын.
Аталған балалардың ата-аналары табылып мекенжайларына жеткізілді және профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді», – делінген ПД хабарламасында.
Көп ұзамай балалардың бірінің анасы әлеуметтік желіде полицейлерге алғыс білдіріп, сәбилерін жедел тауып, аман-есен үйіне қайтарғанын атап өтті.