Астанада жолға таласқан жүргізушілер бір-біріне жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Елордада жол үстіндегі «тәртіп» тағы да төбелеспен аяқталды

Фото: Видеодан скрин

Астанада жолға таласқан жүргізушілер бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Екі ер адам жолды бөлісе алмай, мәселені жұдырықпен шешуді жөн көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол үстіндегі түсініспеушілік әп-сәтте ушығып, екі азамат көліктерінен шығып, мәселені күшпен реттеуге кіріскен. 

Полиция қызметкерлері аталған жағдайға жедел әрекет етіп, жанжалға қатысушыларды анықтады. Екі жүргізуші де бөлімшеге жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оларға айыппұл салынды.

Осы кезде құқық қорғау органдары жүргізушілерге тағы да ескерту жасап отыр. Полциция қызметкерлері жол үстінде «мінез көрсетпеу» қауіпсіздіктің басты шарты екенін ескертеді. Себебі бір сәттік ашу тек айыппұлмен ғана емес, әлдеқайда ауыр салдармен аяқталуы мүмкін.