Әртістің 4 сәуірге жоспарланған Шанхайдағы концерті кейінге шегерілді
Танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Қытайдағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дегенмен бұл жерде ұйымдастырушылардың кінәсі жоқ екені де атап айтылған. Ақпаратты SHOT Telegram-арнасы жариялады.
Сонымен қатар, әзілкештің Қытайдағы басқа концерттерінің де өтуі екіталай. Атап айтқанда, 2 сәуірде Гуанчжоуда және 3 сәуірде Бейжіңде жоспарланған кештер де күмән тудырып отыр. Себебі Бейжіңдегі концертке билеттердің сатылымы әлі басталмаған.
Бұған дейін билеттердің бағасы 33 мыңнан 118 мың теңгеге дейін болған.
Әзірге концерттердің нақты не себепті тоқтатылғаны айтылған жоқ.