Ұлттық банктің 1 сәуірге белгілеген ресми бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,09 теңгені құрап, 3,06 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 1 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы – 478,77 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 474,22 теңге, ал сату бағамы – 476,47 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 473 теңгеден сатып алып, 480 теңгеден сатуда.
Ал Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 475,08 теңгеден сатып алып, 477,2 теңгеден сатуда.