Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін оның ауырып жатқаны айтылған болатын

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды деп хабарлайды Azattyq ruhy тілшісі. Бұл туралы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды ол.

Марқұмның неден қайтыс болғаны айтылмады.