Ол ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен босатылды.
«Сәуле Қисықова басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен кетті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сәуле Қисықова ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды. Ал, басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы – Әлия Рүстемова.
Сәуле Қисықова 1963 жылы дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина унивеситетін тәмамдаған, медицина ғылымдарының докторы.
2017 жылдың шілдесінен бастап қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.