Астанада LRT-ның пойыздары алғаш рет бар жылдамдығымен жүріп көрді

Автор: Асыл Арман

Астана әкімдігі ресми хабарлама жариялады

Фото: Астана әкімдігі

Астанада LRT-ның жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.

«Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті. Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады», – делінген әкімдік хабарламасында.