Үш қалада ауа сапасы нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар сақтық шараларын сақтау керек екенін айтты

Фото: © istockphoto.com

25 наурызда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орнайды. «Қазгидромет» синоптиктері Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының тұрғындарына сақтық шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Мамандардың түсіндіруінше, бұл — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Баяу жел, тұман және инверсия салдарынан қала үстіндегі түтін мен улы қалдықтар тарап кетпей, жерге жақын қабатта шоғырланады.

Ауаның ластануы әсіресе созылмалы ауруы бар жандар үшін қауіпті. Осыған байланысты мамандар мынадай кеңестер береді:

Көлік көп жүретін жолдар мен өндіріс орындарының маңында серуендемеген абзал;

Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс;

Терезелерді мүмкіндігінше жауып ұстап, ауаны ылғалдандыру ұсынылады.