«Қазгидромет» 25 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер елдің барлық өңірінде және республикалық маңызы бар қалаларда қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана
- тұман, жолдарда көктайғақ
Алматы
- Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін
- тұрғындарға қар басқан беткейлерге шықпау ұсынылады
Шымкент
- желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін
Түркістан облысы
- солтүстігінде шаңды дауыл
- жел секундына 15–20 метр, күндіз екпіні 23 м/с дейін
Түркістан қаласында – 15–20 м/с
Ақмола облысы
- өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман, жолдарда көктайғақ
Ұлытау облысы
- солтүстігі мен шығысында тұман
Маңғыстау облысы
- жаңбыр, найзағай, тұман және шаңды дауыл
- желдің екпіні 15–20 м/сАқтауда – тұман
Қарағанды облысы
- батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман
Қарағанды қаласында – тұман
Атырау облысы
- солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай
- батысында тұман
- желдің екпіні 15–20 м/с
Атырауда – жаңбыр және найзағай
Жетісу облысы
- солтүстігінде және таулы аудандарда тұман
- Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23–28 м/с
Абай облысы
- солтүстігі мен орталығында тұман
Жамбыл облысы
- оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман
- жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін
Таразда – тұман және 23 м/с дейінгі екпін
Шығыс Қазақстан облысы
- солтүстігі мен шығысында тұман
Өскеменде – тұман
Батыс Қазақстан облысы
- батысында, солтүстігінде және шығысында тұман
- желдің екпіні 15–20 м/с
Оралда – тұман
Павлодар облысы
- оңтүстігі мен батысында тұман
Қостанай облысы
- шығысы мен оңтүстігінде тұман
Ақтөбе облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
- батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман
- желдің екпіні 15–20 м/с
Петропавлда – тұман және 20 м/с дейінгі екпін
Қызылорда облысы
- шығысы мен орталығында шаңды дауыл
- желдің екпіні 15–20 м/с
Қызылордада – шаңды дауыл
- Су басу қаупі (25–27 наурыз)
Синоптиктер ықтимал тасқындар туралы да ескертеді:
- Ақмола облысы – қардың еруі, су деңгейінің көтерілуі, су басу қаупі бар
- Павлодар облысы – мұздың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі
- Солтүстік Қазақстан облысы – су деңгейінің көтерілуі және жолдарды су басуы мүмкін.