АИ-95 маркалы жанармайының орташа бағасы литріне 0,51 доллар шамасында
Қазақстан бензин ең арзан елдердің қатарына енді. GlobalPetrolPrices сарапшыларының 2026 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, елімізде АИ-95 маркалы жанармайының орташа бағасы литріне 0,51 доллар шамасында. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (1,37 доллар) үш есеге жуық арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy GlobalPetrolPrices сайтына сілтеме жасап.
Жаһандық рейтингте Қазақстан жанармай бағасы мемлекеттік субсидиялар мен бай ресурс базасы есебінен төмен ұсталып отырған елдердің тобында. Біздің «көршілеріміз» – Ливия, Иран, Венесуэла, Кувейт, Түркменстан және Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер.
Бұл елдердің көбі төмен бағаны әлеуметтік саясаттың маңызды элементі ретінде қарастырады. Алайда, дамыған елдерде (Еуропа, Жапония) жағдай мүлдем басқа: онда бензин бағасы литріне 3 доллардан асуы мүмкін. Бұл жоғары салықтар мен экологиялық жобаларды қаржыландырумен байланысты.
Экономистердің айтуынша, жанармайдың тым арзан болуының екі жағы бар. Бір жағынан бұл халықты қолдау болса, екінші жағынан жүйелі мәселелерді тудырады:
1. Инфрақұрылымның тозуы: Мұнай өңдеу зауыттарының маржасы төмен болғандықтан, модернизацияға инвестиция тарту қиындайды.
2. Ішкі тұтынудың артуы: Арзан отын көлік санының күрт өсуіне, кептеліске және экологияның нашарлауына әкеледі.
3. Контрабанда қаупі: Көрші елдермен арадағы баға айырмашылығы жанармайдың заңсыз жолмен шекара асып кетуіне себеп болады.