Барлығы 8 банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 47,6 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.
Банктер жол берген заңбұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікте көзделген:
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ақша төлемі және (немесе) аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімдерін бұзу»;
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын бұзуы;
Басқа да заңбұзушылықтар.
Ең көп әкімшілік айыппұл AsiaCredit Bank-ке – жалпы алғанда, 21,9 млн теңге салынған. Сондай-ақ Ресей Сбербанкі (11,1 млн тг) және Capital Bank Kazakhstan (7,8 млн тг) де бар. Tengri Bank-ке – 4,2 млн теңге, Альфа-Банкке 1,1 млн теңге айыппұл салынды.