Олар ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын паш етті
Наурыз мейрамына орай еліміздің барлық өңірінде мектеп жасына дейінгі балалар арасында дәстүрлі «Ханталапай» республикалық байқауы өтті. Биылғы додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 350 мыңнан астам бүлдіршін қатысып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын паш етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Білім саласындағы жауапты мекеменің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілікті ояту және қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру. Байқауға балабақшалардың ортаңғы, ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілерімен қатар, педагогтар мен ата-аналар да белсене атсалысты.
Жарыстар ұлттық нақышта безендірілген және қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған арнайы алаңдарда ұйымдастырылды.
Кішкентай қатысушылар келесі ұлттық ойындар түрлерінен ептілік пен шапшаңдық танытты:
Айта кетерлігі, кейбір ойындар заманауи форматта, соның ішінде үстел үстінде өтті. Ата-аналар мен ұстаздар балаларға бұл ойындардың тек көңіл көтеру емес, денсаулыққа пайдасы мен тәрбиелік мәні зор екенін түсіндірді.
Байқау қорытындысы бойынша ең үздіктер келесі аталымдармен марапатталды: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»; «Алтын сақа»; «Ұлттық ойынның үздік ұйымдастырылуы»; «Белсенді қатысушылар»; «Зеректік пен ептілік»; «Үздік ойын алаңы».
Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Ханталапай» байқауы ұлттық ойындардың қайта жаңғыруына және дәстүрлі құндылықтардың нығаюына зор септігін тигізеді.