Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.