Мәжіліс төрағасы өкімге қол қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.