Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Мәліметке сүйенсек, ер адамның мәйіті 20 наурыз күні табылды

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпір астынан, Президент саябағы маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, ер адамның мәйіті 20 наурыз күні табылды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жетті. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін аумақ қоршауға алынды.

«Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.