Қазақстанда доллар құны 482 теңгеге дейін түсті

Автор: Асыл Арман

19 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 482,32 теңгені құрады, бұл 0,23 теңгеге арзандағанын көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 482,49 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 481,06 теңгеге сатып алып, 483,45 теңгеге сатады. Астанада долларды орташа есеппен 480 теңгеге сатып алып, 487 теңгеге сатады. Шымкентте долларды орта есеппен 482,61 теңгеге сатып алып, 484,13 теңгеге сатады.