Мұз астына түсіп кеткен екі балықшы құтқарылды
Қостанай облысында екі балықшы кешкі уақытта мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Рудный қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Сергеев су қоймасында кешкі уақытта төтенше жағдай болды. Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері құтқару жұмыстарын бастады.
Қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі балықшы да құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.
«ТЖМ көктем мезгілінде мұздың беріктігі төмендеп, аса қауіпті болады. Мұз үстіне шығу өмірге қауіп төндіреді», – делінген хабарламада.