Қарағанды облысындағы бірнеше өзенде мұз жару жұмысы жүріп жатыр

Автор: Асыл Арман

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында бірнеше өзенде мұз жару жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүргізілген жұмыстар аясында Осакаров ауданының Үлкен Құндызды және Сабырқожа өзендерінде жалпы ауданы 2000 шаршы метр жарылыс жұмыстары жүргізілді.

«Мұндай шаралар су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, еріген қар суының ағуын жеделдетуге ықпал етеді, жағалаулар мен көпір құрылыстарына мұз қысымын азайтады, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.