Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар қайта қымбаттай бастады

Автор: Асыл Арман

Доллардың орташа бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 482,49 теңге болды, бұл 3,2 теңгеге қымбаттағанын білдіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкі ресми доллар бағамын 18 наурызға 479,02 теңге деп бекітті.

Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 482,91 теңге, сатылуы – 485,38 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 478,94 теңгеге сатып алады, 485,94 теңгеге сатады. Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 482,83 теңгеге сатып алады, 484,86 теңгеге сатады.