Қазақстанда жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 11,5 млн-нан астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 883 км 26 ақылы учаске жұмыс істейді, оның ішінде: ұзындығы 2 231 км 1 техникалық санаттағы 12 учаске, ұзындығы 2 652 км 2 және 3 техникалық санаттағы 14 учаске.
Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:
- Алматы – Қонаев (1,75 млн);
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,6 млн);
- Шымкент – Тараз (1,04 млн);
- Тараз – Қайнар (857 мың);
- Шымкент – Қызылорда (790 мың);
- Қонаев – Талдықорған (594 мың);
- Астана – Теміртау (513 мың);
- Астана – Щучинск (463 мың);
- Алматы – Қорғас (438 мың);
- Қостанай – Денисовка (408 мың);
- Тараз қаласының айналма жолы (398 мың);
- Астана – Павлодар (347 мың);
- Щучинск – Көкшетау (332 мың);
- Көкшетау – Петропавл (284 мың);
- Қызылорда – Арал (266 мың);
- Балқаш – Бурылбайтал (227 мың);
- Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (226,6 мың);
- Павлодар – Семей – Қалбатау (177 мың);
- Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (145 мың);
- Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (138 мың);
- Шу – Бурылбайтал (128 мың);
- Қандыағаш – Мақат (123 мың);
- Орал – РФ шекарасы (Самара) (114 мың);
- Орал – РФ шекарасы (Саратов) (90 мың);
- Үшарал-Достық (49 мың);
- Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (25 мың).