Қазақстанда алдағы үш күнде 23 градусқа дейін жылы болады – ауа райы болжамы

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің мәліметі жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, алдағы үш тәулікте антициклон қазақстандықтарды көктемгі ауа райымен қуантады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құрғақ әрі шуақты ауа райы сақталып, бұл ауа температурасының одан әрі көтерілуіне оң әсерін тигізеді. Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+20°С-қа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17°С-қа дейін, ал оңтүстікте +15…+23°С-қа дейін көтеріледі.