Orlen Cup: қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден екі медаль жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

Отандастарымыз алтын мен қола медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз алтыннан алқа тақты.

Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (249,6 ұпай) бұйырды. Тағы бір қазақстандық Александр Филоненко 242,3 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Тегтер: