Дрондар Бағдаттағы ЕО миссиясының штаб-пәтеріне шабуыл жасады

Автор: Аягөз Құрмаш

Штаб «Аль-Рашид» қонақ үйінде орналасқан

Фото: Reuters

Ирак астанасы - Бағдат қаласында Еуропалық Одақтың EUAM Iraq миссиясының штаб-пәтері орналасқан «Аль-Рашид» қонақ үйіне абуыл жасалды. Қызметкерлер эвакуацияланған,  зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шабуыл қонақ үйдің жоғарғы қабаттарына бағытталып, ғимаратқа елеулі зақым келтірді. 2017 жылдың қазан айында Ирактағы қауіпсіздік секторын реформалауға қолдау көрсету үшін құрылған EUAM Iraq миссиясының штаб-пәтері дәл осы қонақүйде орналасқан. Кейбір деректерге сәйкес, ғимаратта сондай-ақ АҚШ елшілігінің логистикалық қолдау қызметі де бар.

«Аль-Рашид» қонақүйі Бағдаттың «Жасыл аймағында» орналасқан. Бұл жерде үкіметтік мекемелер мен шетелдік елшіліктер шоғырланған. Қазіргі таңда билік өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету және миссия қызметкерлерін қорғау шараларын қолға алып жатыр.

Сонымен қатар, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-тың Аль-Дафра авиабазасы (БАӘ) мен Шейх-Иса авиабазасы (Бахрейн) базаларындағы америкалық жойғыш ұшақтар тұрған ангарлардың жойылғанын хабарлады. Бұл мәлімдеме өңірдегі шиеленістің күшейіп отырғанын көрсетеді.

EUAM Iraq миссиясы Ирактағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда қазіргі жағдай халықаралық ұйымдардың елдегі қызметіне төнген қауіптің жоғары екенін аңғартады. Қызметкерлерді эвакуациялау жағдайдың күрделілігін және гуманитарлық мәселелердің ушығу қаупін білдіреді.

Бұған дейін Al Hadath телеарнасы Бағдадта бірнеше күшті жарылыс болғанын хабарлаған. Олардың бірі ел астанасының «Жасыл аймағында» тіркелген, онда үкіметтік мекемелер мен көптеген шетелдік елшіліктер орналасқан.