Отандасымыздың орныны ресейлік теннисші басты
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) соңғы турнирлердің қорытындысы бойынша жекелей және жұптық разрядтағы жаңартылған рейтингтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Негізгі өзгерістер Индиан-Уэллсте өткен «Мастерс» сериясындағы турнирден кейін болды. Бұл жарыстың жеңімпазы италиялық Янник Синнер атанды. Жеңісіне қарамастан, ол әлемдік рейтингте екінші орында қалды, дегенмен көшбасшы – испаниялық Карлос Алькарасқа дейінгі арақашықтықты айтарлықтай қысқартты. Үшінші орынды бұрынғысынша серб Новак Джокович иеленіп отыр.
Турнирдің финалисі Даниил Медведев бір саты жоғарылап, қазір 10-орынға көтерілді. Ресейлік теннисші қазақстандық Александр Бубликті басып озды, отандасымыз рейтингте бір орынға төмендеді.
Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко өз көрсеткішін жақсартты – ол бірден төрт саты жоғарылап, қазір 84-орында тұр.
Жұптық разрядтағы рейтингте көшбасшылықты британдық Нил Скупски сақтап қалды. Бұл санатта Қазақстанның үздік өкілі – Григорий Ломакин, ол 374-орында орналасқан.