Ақтауда әйел адам 5-қабаттан құлап кетті

Автор: Асыл Арман

Әйел адамның эпилепсиямен ауырғаны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Ақтау қаласындағы 28-шағынауданда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен әйел адам құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 16 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. №35 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен әйел адамның құлап кеткені белгілі болды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен адамның жеке басы анықталған. Ол – 34 жастағы жергілікті тұрғын. Оқиға кезінде пәтерде одан басқа ешкім болмаған.

Белгілі болғандай, әйел эпилепсиямен ауырады. Құлағаннан кейін ол тірі қалып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.