Ұлттық банктің 16 наурызға белгілеген бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 486,2 теңгені құрады. Бұл өткен көрсеткіштен 4,49 теңгеге арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық банкінің 16 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы – 491,29 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 485,55 теңге, сату бағамы – 488 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 484,01 теңгеден сатып алып, 491,01 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 485,93 теңгеден сатып алып, 487,97 теңгеден сатуда.