Елордада түнде аяз сақталады
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын жариялады. Елордада түнде аяз сақталса, оңтүстік өңірлерде нағыз көктемгі жылылық пен жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордада алдағы күндері жауын-шашын біртіндеп тоқтап, бірақ түнгі уақытта термометр бағаны төмендейді:
16 наурыз: Көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Температура түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.
17 наурыз: Жауын-шашынсыз. Түнде суытып, -7...-9°C болады, күндіз +1...+3°C жылы.
18 наурыз: Түнгі аяз -8...-10°C дейін жетеді, күндіз күн шуақты, +1...+3°C шамасында.
Алматыда апта басы жауын-шашынсыз, біртіндеп жылынумен сипатталады:
16 наурыз: Түнде -1...-3°C, күндіз +6...+8°C.
17 наурыз: Күндіз ауа температурасы +8...+10°C-қа дейін көтеріледі.
18 наурыз: Күн жылынып, +10...+12°C болады, бірақ жел күшейіп, көшпелі бұлт болады деп күтілуде.
Шымкентте нағыз көктемгі ауа райы орнайды, алайда үшінші күні күн райы бұзылуы мүмкін:
16 наурыз: Күндіз +13...+15°C, таңертең тұман мен екпінді жел күтіледі.
17 наурыз: Ауа райы тағы жылынып, +15...+17°C көрсетеді.
18 наурыз: Күндіз жылылық сақталғанымен (+15...+17°C), жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда.