Сағат 14:00-дегі жағдай белгілі болды
Референдум жөніндегі орталық комиссияның хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәліметіне сүйенсек, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 51,93%-ы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
«Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 % құрады. «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі», – деп мәлім етті Шавхат Өтемісов.