#МенРеферендумғаБарамын: Ақмола облысында онлайн-челлендж басталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Алғашқы сағаттың өзінде-ақ желіде жүздеген жазба жарияланған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Ақмола облысының тұрғындары референдум күні онлайн-челлендж бастады. Сайлау учаскелері ашылған алғашқы сағаттың өзінде-ақ желіде жүздеген жазба жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Комиссиялар жұмысқа кіріскен сәттен бастап әлеуметтік желілерде 100-ден астам жарияланым тіркелді. Тұрғындар дауыс беру учаскелерінен суреттер жүктеп, жеке таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісуде.

«Бүгін біз тарихты жай ғана бюллетеньге қол қоюмен емес, өзіміздің қатысуымызбен жазып жатырмыз. Көкшетаудағы учаскеме алғашқылардың бірі болып келдім. Бұл – балаларымыз өсетін елдің болашағына әсер ету мүмкіндігіміз», – дейді қала тұрғыны.

Бастаманың ауқымы облыстағы 700 сайлау учаскесін қамтыды.