14.03.2026, 18:33
Жаңалықтар
Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
16 наурыздан бастап қалыпты режимде қызмет көрсетеді
Фото: gov.kz
Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды