Оның айтуынша істі қарауға дәлел жеткілікті
Астанада ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты істің қылмыстық сипаттағы өндіріске өткеннен кейінгі алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев сотталушылар қылмыстық жолмен алынған қаражаттың заңсыз екенін біле тұра, оны алуға, қабылдауға, сондай-ақ олардың түсуі мен бөлінуінің ұйымдастырылу схемасына қатысқанын айтты.
«Бұдан бөлек, олар аталған қаражаттарды иеленіп, өз мақсаттарына сәйкес пайдаланған. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарына сәйкес, қылмыстық жолмен алынған кірістерге қатысты тиісті қылмыстық-құқықтық баға берілуі тиіс», – деді Олжас Хайруллаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына сәйкес, алдын ала тыңдау іс бойынша мынадай мәселелерді шешу қажет болған жағдайда жүргізіледі:
«Алайда қорғау тарапының жоғарыда келтірілген уәждері – іс бойынша басты сот талқылауы барысында зерттелуге тиіс мәселелер. Құрметті сот, іс бойынша жиналған дәлелдемелер жеткілікті әрі жол берілетін және олар басты сот талқылауы барысында толық әрі жан-жақты зерттеледі. Осыған байланысты, қорғау тарапының істі прокурорға қайтару туралы өтінішхатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына сәйкес қанағаттандырусыз қалдыруды сұраймын», – деді ол.