Екі ер адамның әрекеті тәртіп сақшыларының назарын еріксіз аударған
Батыс Қазақстан облысының аумағында ағайынды екі жігіттен қару-жарақ пен жүздеген оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі ер адамның әрекеті тәртіп сақшыларының назарын еріксіз аударған. Олардың бірінің көлігін тексергенде, ішінен көп мөлшерде оқ-дәрі табылған. Кейін күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында және олардың бір танысының үйінде тінту жүргізілді.
Көліктерін тінту барысында екі травматикалық тапанша, алты травматикалық оқ салынған оқжатар, аэрозольді тапанша және 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.
Ал тағы бір азаматтың үйін тінту кезінде атуға жарамды деп танылған шолақ мылтық табылып, тәркіленді.