Ақмола облысында айы-күні жетіп, толғағы қысқан әйел ақтүтек боранда тасжолда тұрып қалды

Автор: Асыл Арман

Полицейлер босанғалы жатқан әйелді ауруханаға шұғыл жеткізді

Фото: freepik.com

Ақмола облысында айы-күні жетіп, толғағы қысқан әйел адам ақтүтек боранда тасжолда тұрып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция қызметкерлері жедел жәрдем көлігімен келе жатқан босанғалы жатқан әйелді медициналық мекемеге қауіпсіз әрі шұғыл жеткізуге жәрдемдесті.

«Қатты боран мен жолдағы көрінудің нашарлауына байланысты полицейлер жедел жәрдем көлігіне жол бастап, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігі ауруханаға кедергісіз әрі жылдам жетті», – делінген ПД хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, күрделі ауа райы жағдайында азаматтарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.