Ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 489,39 теңгені құрап, 1,57 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 11 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы – 491,59 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 489,73 теңге болса, сату бағамы – 491,99 теңге.
Астанада айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 487,97 теңгеден сатып алып, 494,97 теңгеден сатуда.
Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 489,78 теңгеден сатып алып, 491,83 теңгеден сатуда.