Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Астанада «Бәйтерек» монументінің маңында көшеде тұрып дәрет сындырған шетел азаматтары енді Қазақстанға 5 жылға дейін кіре алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде Астананың Достық көшесі бойындағы мекемелердің бірінің жанында көшеде дәрет сындырып тұрған шетел азаматының видеосы тарады.
Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы болып шықты. Олардың жеке басы анықталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағын тастап үлгергені белгілі болды.
Дегенмен, олардың Қазақстанға бес жылға кіруіне полиция тыйым салды.
«Осы дерек бойынша Ішкі істер министрлігі хабарламаны Сыртқы істер министрлігіне жолдап, аталған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қолдануды сұрады.
Полиция барлық азаматтан, олардың азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын құрметтеуді талап етеді», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.