$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«10 тонна ұн, 6 тонна күріш»: Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Ильхам Әлиев осындай шешім қабылдаған

«10 тонна ұн, 6 тонна күріш»: Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Әзербайжан ТЖМ

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Иран президенті Масуд Пезешкиан арасында өткен телефон әңгімесінің негізінде көршілес әрі достас иран халқына қолдау көрсету мақсатында Иранға гуманитарлық көмек жіберілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әзербайжан президентінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайлар министрлігінің көліктері арқылы жөнелтілген гуманитарлық көмектің құрамына 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауызсу, шамамен 600 кг шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар кіреді.

Бұған дейін Нахчыван қаласына Иран тарапынан екі ұшқышсыз аппараттан әуе соққысы жасалған. Дрондардың бірі әуежай терминалына, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына түскен.  Салдарынан екі адам зардап шекті. Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырып, оған наразылық нотасын тапсырды.

Ал Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Карем Ғарибабади AnewZ редакциясына Тегеранның «көрші елдерге соққы жасамайтынын» айтты.