$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Ол кезекті жеңісіне қол жеткізді

Теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған отандасымыз Анна Данилина бұл сында сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Жарыстың 5-ракеткалары болып тіркелген жұп екінші айналымда украиналық Людмила Киченок пен америкалық Дезире Кравчик жұбын қапы қалдырды.

Кездесу қорытындысы:

Есеп: 6:4, 6:1 – Данилина мен Круничтің пайдасына;

Ойын ұзақтығы: 1 сағат 11 минут;

Қазақстандық-сербиялық жұп 2 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Келесі қарсыластар кім?

Ширек финалға жолдама алған Данилина мен Круничтің алдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ. Олар келесі жұптардың жеңімпазымен кездеседі:

1. Хейли Баптист (АҚШ) / Елена Остапенко (Латвия)

2. Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада)

Айта кетейік, биылғы маусым Анна Данилина үшін өте сәтті басталды. Ол Александра Круничпен бірге Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, Дохадағы WTA 1000 додасында жеңімпаз атанған болатын.