Жеңіл көлік қалың қарға батып кеткен
Қорғалжын ауданында екі ер адам мінген жеңіл көлік қалың қарға батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары балықшыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Ақмола облысының Шалқар ауылына жақын маңда болған. ТЖМ мәліметінше, қардың қалыңдығы тым биік болуына байланысты жеңіл көлік жолда тұрып қалған. Жүргізуші мен оның досы көлікті қардан өз күштерімен шығаруға тырысқанымен, одан нәтиже шықпаған.
Құтқару жұмысының барысы:
Құтқарушылар арнайы жоғары өтімді техникамен оқиға орнына жетті;
Қар құрсауында қалған көлік табылып, ішіндегі адамдар эвакуацияланды;
Балықшылар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Мамандар алыс сапарға, соның ішінде балық аулауға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруді ұсынады.