Отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғасып жатыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СІМ баспасөз қызметінің 9 наурыздағы мәліметінше, арнайы операция басталғалы бері 7300-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды. Эвакуациялау шаралары отандық және шетелдік әуе компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстандықтарды қайтару тек әуе жолымен ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан, Армения, Түрікменстан елдерінің құрлықтағы шекаралары арқылы да ұйымдастырылуда.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аталған өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мекеме мамандары оқиға орнындағы іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыста отыр.
«Қазақстанның аймақтағы елшіліктері мен консулдықтары азаматтарымызға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырып жатыр», — деп нақтылады СІМ өкілдері.