Астана – Қарағанды тас жолында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті
Қоғамдық көлікті шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды
Ақмола облысында тас жол жиегіне шығып кеткен қоғамдық көлікті шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға Аршалы ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
8 наурыз күні түстен кейін Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 50-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Анар бекетіне жақын маңда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша:
Автобус жүргізушісі Астана қаласына бет алған;
Рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі жыраға аударылған;
Оқиға кезінде автобус ішінде жолаушылар болмаған.
Апат туралы ақпаратты «Қазақавтожол» мекемесі хабарлаған. Оқиға орнына бірден «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандандырылған техникалары жіберілген.
Арнайы техниканың көмегімен автобус жырадан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.