$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Бұл шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданды

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тас жолда қозғалысқа шектеу қойылды. Қауіпсіздік мақсатында жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

8 наурыз күні сағат 11:30-да басталған шектеу келесі бағытты қамтиды:

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы».

Жабылған аралық: 776–965 шақырым (Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралық).

Көлік түрі: Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер (автобустар).

Жол қашан ашылады?

Мамандардың айтуынша, аталған учаскеде қозғалыс 9 наурыз күні таңғы сағат 09:00-де қайта жандануы тиіс. Алайда, бұл уақыт ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.