Алматы тауларында қар көшкіні жүріп жатыр: құтқарушылар ескерту жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

ТЖД тауға шығудан бас тартуға шақырды

Фото: © istockphoto.com

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырды. Бұған таулы аймақтардағы қар көшкіні қаупі себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 8 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында ауа райы бұзылады: Тұман түседі; Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

«Қар көшкінін тудырмау үшін азаматтарды тауға шығуды кейінге қалдыруға шақырамыз», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта Алматы тауларында қар көшкінінің өздігінен жүріп жатқаны байқалуда. Атап айтқанда:

1. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде (теңіз деңгейінен 2-3 мың метр биіктікте) қар көшкіні жүрді.

3. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

4. «Тұйықсу» мұздығына апаратын жолда көлік қозғалысын шектейтін бекеттер қойылды.