Көптеген өңірде жауын-шашын болады
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мереке күні Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын күтіледі:
Солтүстік өңірде: жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады деп болжануда.
Республика бойынша: бірнеше елді мекенде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
«8 наурызда республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ және боран күтіледі», — деп ескертті «Қазгидромет» РМК мамандары.