Ол Аятолланың 56 жастағы ұлы Вашингтон үшін «қабылдауға болмайтын» тұлға екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Axios басылымына берген сұхбатында Иранда билікке Моджтаба Хаменеи келуіне қарсы екенін айтып, елдің жаңа көшбасшысын таңдауға өзі араласқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Олар уақытын босқа өткізіп жатыр. Хаменейдің ұлы – түкке тұрғысыз адам. Венесуэлада Делси (Родригес) жағдайы секілді бұл тағайындау үдерісіне де өзім қатысуым керек,», – деді Трамп бейсенбі күні жарияланған сұхбатында.
АҚШ президентінің айтуынша, әуе соққылары салдарынан қаза тапқан Аятолланың 56 жастағы ұлы Вашингтон үшін «қабылдауға болмайтын» тұлға. Сондай-ақ бұрынғы саяси бағытты жалғастыратын кез келген басқа мұрагер де АҚШ үшін қолайсыз екенін айтты. Әйтпесе, оның сөзінше, АҚШ «бес жылдан кейін қайта соғысуға мәжбүр болады».
Осыған дейін Трамп бұл қызметке «өте жақсы үш кандидат» бар екенін айтқанымен, олардың есімдерін атаудан бас тартқан.
Сонымен қатар ол Иран үкіметінің көпшілігі Тегеран Вашингтонмен ынтымақтастыққа кіріссе, өз қызметтерін сақтап қала алатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл Венесуэладағы жағдайға ұқсас болуы мүмкін. Жаңа көшбасшы, Трамптың пікірінше, «Иранға үйлесім мен бейбітшілік әкелуі тиіс».