7 наурыз күні сағат 12:00-де концерт билеттерінің ашық сатылымы басталады
Әлемге әйгілі испаниялық әнші Энрике Иглесиас биыл күзде Астана мен Алматыда жеке концертін өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемдік поп-музыка жұлдызы биыл қыркүйек айында ән кешін ұйымдастырады. Ticketon мәліметінше, ән кеші 3 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында, ал 5 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
7 наурыз күні сағат 12:00-де концерт билеттерінің ашық сатылымы басталады.
Айта кетейік, осыған дейін әлемге танымал Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys тобы Астана мен Алматыда жеке концерттерін өткізген болатын.