Коалиция: миллиондаған қазақстандық қабылданатын жаңа Конституцияның маңыздылығын түсінеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпыұлттық референдум қарсаңында Коалиция өңірлерде, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде де 12 мың іс-шара өткізді

Суретті түсірген: Талғат Таныбаев, Әли Ғалым

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы мен оның өңірге және елге әкелетін мүмкіндіктері туралы пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жалпыұлттық референдум қарсаңында Коалиция өңірлерде, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде де 12 мың іс-шара өткізді. Миллиондаған қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдаудың маңыздылығын түсініп, құжатта қамтылған құндылықтардың өздері үшін өзекті екенін айтып, елдің дамуы мен өз жоспарларын іске асыруға берілген үлкен мүмкіндік деп санайды. Бұл туралы Коалиция мүшелері Павлодар облысының орталығындағы Қалалық мәдениет сарайында өңірдің қоғамдық өкілдерімен өткен кездесуде айтты. Жиынға шамамен 900 адам жиналды.

Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы ұсынған жаңа Конституция жобасы халықтың және белсенді азаматтардың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделгенін атап өтті. Парламенттік реформаны дайындау кезінде Конституциялық комиссияға қазақстандықтардан 10 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Мәжіліс спикері Павлодар облысының ғалымдары, тұрғындары, сарапшылары мен қоғам өкілдері осы ірі тарихи кезеңнің белсенді қатысушыларының бірі болғанын атап өтті.

«Қоғамның талабын және заман тынысын терең түсіне отырып, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынылған өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар екенін атап өтті. Бұл Конституциялық комиссияның жұмысы барысында нақтыланды. Біз бәріміз Президенттің жобаны әзірлеу процесін өз бақылауында ұстап, комиссия басшыларын және мүшелерін үнемі қабылдап отырғанына куә болдық. Осы кездесулерде Президентіміз жаңа Конституцияның тұжырымдамалық идеяларына, негізгі қағидаттары мен іргелі құндылықтарына қатысты бағыт-бағдарды айқындап, олардың мәні мен мазмұнын белгіледі. Сондықтан Жалпыұлттық коалиция атынан біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның жаңа халықтық Конституциясының бастамашысы әрі архитекторы болды деп нақты айта аламыз», – деді Ерлан Қошанов.

Ол жаңа Конституция азаматтардың сұранысын ескере отырып, саяси жүйе мен барлық қоғамдық институттарды жаңа жағдайда жаңғыртуға бағыт беретін маңызды құжат екенін атап өтті. Кездесу қатысушылары жаңа Конституция жобасын осы уақыт ішінде қоғамда кеңінен талқыланудың арқасында терең түсінгендерін айтты. Бұл қағидаттар құжаттың кіріспе бөлімінен бастап-ақ айқын көрініс тапқан.

«Торайғыров университетінің» аға оқытушысы, саясаттанушы Борис Поломарчук жаңа Конституция Қазақстан халқының әртүрлілігін нағыз күшке айналдыратынын, ал ұлтаралық келісім – болашақ қауіпсіздігінің кепілі екенін және жаңа Конституция осы міндетке жауап беретінін атап өтті.

Университет доценті Айман Зейнулина жаңа Ата заң жобасында қай заманда да қазақ интеллигенциясының мұраты болған құндылықтар мен мән жиылып, тоғысқанын айтты. Бұл – әділет пен заңның үстемдігі, ғылым мен білімнің дамуына басымдық, адамға бағдарланған мемлекет және интеллектуалды, прогрессивті ұлт құру бағыты.

Сөз сөйлегендер Конституция деңгейінде адамның абыройын, заң алдындағы теңдігін, шыққан тегі, ұлты, нанымы немесе діні бойынша кемсітушіліктің болмауын бекіту маңыздылығын, сондай-ақ елдің тағдыры бәрінің ортақ жауапкершілігі екенін көрсететін бірлік идеясына назар аударды.

Сонымен қатар павлодарлықтар жаңа Конституцияны қабылдаумен экология мәселелерін шешуге үлкен үміт артып отыр. Ата заң жобасында жоғары экологиялық мәдениет принципін және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыруға жауапкершілік енгізу азаматтардың жылдар бойғы өтініштеріне нақты жауап болды. Өнеркәсіптік аймақ тұрғындары бұл шараны табиғатты сақтау және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған әділ қадам деп санайды.

Жаңа Ата заң жобасында бекітілген принциптердің тәжірибеде қалай іске асқаны туралы өңірлік «TURGYNDAR AMANATY» жобасының қатысушылары, яғни жергілікті тұрғындар өздері айтып берді. Жоба тұрғындардың үйлері мен аулаларындағы мәселелерді бірлесіп шешуге жағдай жасауға бағытталған.

Осы бастама аясында өңірлерде тұрғындар, Мүлік Иелерінің Бірлестігі (МИБ), ПИК, депутаттар және қалалық қызметтер арасындағы кешенді өзара әрекет моделі құрылды.

Мұндай жүйе тұрғындарға өз үйлерін басқаруға тікелей қатысуға және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың пікірінше, бұл тәсіл Мемлекет басшысының қоғамның ел басқаруына қатысуын кеңейтуді мақсат еткен реформаларымен үндеседі. Оның логикалық жалғасы – жаңа Конституция жобасы, яғни әр азамат адал еңбек етіп, өз тағдырын өздігінен қалыптастыра алатын тең мүмкіндіктер қоғамының құқықтық негізі.

Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында жастарға цифрлық ортада, білім, ғылым, мәдениет және саясат салаларында ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы Павлодар облысының креативті жастары өкілдерімен IT-колледжінде өткізілген ашық микрофон форматындағы кездесуде талқыланды.

Жастар Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі қағидалардың бірі – адам капиталының маңыздылығы екенін атап, осы стратегияны қолдайтынын және білімдері мен қабілеттерімен ел дамуына үлес қосуға дайын екенін білдірді. Сондықтан олар ғылыми зерттеулер жүргізуге, инновацияларды енгізуге, заманауи білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтуге және адал еңбекке нақты мүмкіндіктер ашатын жаңа Конституцияны таңдайды. Студенттер осы нормалар Басты құжат деңгейінде бекітілгендігінің арқасында өз болашағына сенімді қарап, туған елінде өмірі мен кәсіби қызметін жоспарлай алатынын атап өтті.

Павлодар алюминий зауытының алаңында облыстың алюминий кластері мен энергетикалық кәсіпорындары өкілдерімен мазмұнды әңгіме өрбіді. Талқылау барысында Коалиция мүшелері павлодарлық өндіріс қызметкерлерінің назарын еңбек адамының мүддесін қорғауға аударды. Жобада жұмыс орындарының қауіпсіз жағдайлары, әділ әрі кемсітусіз еңбек ақы төлеу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғау нормалары бекітілген. Мемлекет минималды әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуды қолдауға міндеттеме алады. Өндіріс саласының өкілдері атап өткендей, бұл ережелер ірі өндіріс орындары мен энергетикалық нысандар үшін қолданбалы мәнге ие, яғни олар өндірістік қауіпсіздік пен еңбек ұжымдарының тұрақтылығына тікелей байланысты.

Павлодар облысының тұрғындары 15 наурызда өз пікірлерін ашық білдіріп, елдің тұрақты болашағын қалыптастыруға өз үлестерін қосуға дайын.

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді