Әуежай, порт, инфрақұрылым: Тоқаев маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Автор: Асыл Арман

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.