Егер сізге автомобильдің техпаспортын ауыстыру қажет болса, мұны бар болғаны бір сағатта үздік Kaspi.kz қосымшасында жасауға болады
Жаңа сервисті Kaspi.kz командасы Ішкі істер министрлігімен, ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығымен, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірледі.
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:
«Көлік иелеріне арналған сервистеріміз туралы көптеген жақсы пікір алып жатырмыз. Үздік Kaspi.kz қосымшасының көмегімен автомобильді қайта ресімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, көлікті кепілге қоюға немесе кепілден алуға болады. Ал енді техпаспортты ауыстыру қызметі смартфонның экранында да қолжетімді. Күнделікті мәселелерді адамдарға жылдам әрі оңай шешуге көмектесетін сервистерді қуана жасаймыз. Ынтымақтаса жұмыс істегені үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болғаны үшін әр сүйікті клиентімізге алғысымызды білдіреміз!»
Ростислав Коняшкин, ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
«Танымал қызметтерді онлайнға көшіру – мемлекеттік қызметтердің азаматтар үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді болуына бағытталған жүйелі жұмыс. Kaspi.kz-те техпаспортты ауыстыру қызметінің іске қосылуы мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы, бұл қызмет алу уақытын қысқартып, адамдардың ХҚКО-ға бару қажеттілігін азайтуға мүмкіндік беретіндігінің нақты мысалы.
Біздің міндетіміз – сұранысқа ие сервистердің басым бөлігін бірнеше рет басу арқылы қолжетімді ету».
Техпаспортты ауыстыру үшін жүргізушілерге енді мамандандырылған ХҚКО-ға барып, өтініш жазып, кассада мемлекеттік баж салығын төлеудің қажеті жоқ.
Жаңа техпаспортты қалай онлайн алу керектігі туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.